1960 ж. Ақтөбе облысы, Жұрын ауданында Қонжар машина –трактор станциясы базасында №162 Қонжар ауыл шаруашылық механизация училищесі ашылды және қысқа мерзімді тракторшы дайындау курстарында оқыту жүргізілді.

tarihu 1

Жаңа экономикалық саясат, одан кейінгі индустриаландыру науқаны Қазақстанда кәсіби мамандығы бар жұмысшыларды дайындау ісіне үнемі назар аударылып отыруын талап етті. Республикалық кәсіби-техникалық мектептер өз жолын аз санды және жекелеген фабрика-зауыттық оқудан бастап, маман жұмысшыларды дайындаудағы қалыптасқан жүйеге айналды.
1975 жылдан бастап №162 Қонжар орта кәсіптік техникалық училищесі болып қайта құрылып, мамандыққа қосымша орта білім берілетін болды. Орта білімді, оқу мерзімі 2 жыл 10 ай болып оқуға қабылданды.Сол кездегі училищедегі оқушылар саны 280 болды. «Кең профильді тракторист-машинист», «Ауыл құрылыс шебері» мамандықтары бойынша оқушылар дайындалды. Дусупов Мукан Дусупович оқу орнының басшысы болып қызмет атқарды.
1978 жылы училище Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының орталығы Ембі қаласына көшіріліп, №162  Орта арнаулы кәсіптік-техникалық училище (СПТУ-162) болып аталынды. Осы училищеде 1978-1982 жылдар аралығында Алматов Елубай Нургалиевич басшылық етті. Оқу мерзімдері  2  жыл 10 ай «Кең  профильді тракторшы машинист» мамандықтары және  қосымша «Автомобиль жүргізушісі», «Ауыл құрылыс шебері» 10 айлық қысқа мерзімді «Тігінші - моторист» мамандығы бойынша мамандар даярланды. Осы жылдар аралығында білімалушылардың саны 300 – ді құрады.
1982-1985 жылдар аралығында №162  Орта арнаулы кәсіптік-техникалық училищесіне басшылық еткен Бексултанов Мубарак болды.
1985 жылы №162  Орта арнаулы кәсіптік-техникалық училищесі №18 Ембі кәсіптік техникалық училище болып өзгертілді. Осы жылдары контингент саны  480 ді  құрады. Жоғарыда көрсетілген мамандықтарға қосымша: «Аспазшы»; «Көкөніс өсіру шебері»; «Фельдшер-ветеринар», «Электрик» мамандықтары бойынша білім берілді және 10 айлық қысқа мерзімді курстары да жүргізілді.
Училищенің жандануына мемлекет тарапынан қамқорлық жасалып, оқушыларға шәкіртақы тағайындалып, тамақ, жатақхана, арнаулы киіммен тегін қамтамасыз етілді.
1986-1994 жылдар аралығында №18 Ембі кәсіптік техникалық училищеге Айтбаев Құдайберген Айтбаевич басшылық етті. Кәсіптік білім сапасын арттыру үшін білім алушылардың өндірістік машықтануына көп көңіл бөлініп, жаңа технология мен техника және еңбек құралдары кеңінен қолданылды. Білім ордасында «Кең профильді тракторист-машинист», «Аспазшы», «Тігінші-моторист», «Ауыл шаруашылық құрылыс шебері», «Көкөніс өндіру шебері» мамандықтарында 500 жас білім алды.
Училищенің қарамағында өндірістік машықтану үшін жер көлемі 5000 га оқыту шаруашылығы қолға алынды, оның 1000 га  егістік алқабы болып, дәнді дақылдар егілсе, 3200 га жайылымдық жер болып, мал шаруашылығында 800 бас қойы болды. Осы шаруашылықта оқушылар өндірістік тәжірибеден өтіп, еңбекке араласты. Осы жылдары училищенің материалдық-техникалық базасы толық қамтамасыз етіліп, алдыңғы қатарлы училищелердің бірі болды. Ауылшаруашылық өндірісіне  мамандарды дайындаудағы жоғары нәтижелері, сонымен қатар облыстық және аудандық қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін, Қазақстан Республикасы білім беру министрлігі мен ауылшаруашылық министрлігінің құрмет грамотасымен, облыстық білім беру басқармасының мақтау қағаздарымен марапатталған.
1994-2003 жылдар аралығында еліміздегі әлеуметтік - экономикалық жағдайдың төмендеуі, училищенің оқу құрал-жабдықтарымен қамтылуы, материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары әлсірей бастады..  Еліміз енді ғана ғасырлар бойы арман еткен тәуелсіздігіне  қол жеткізіп, аяғынан тәй-тәй басып келе жатқанда  білім саласында да қайта құру кезеңі басталды.  Барлық оқу орындары  жабылып, кейбір оқу орындары жеке меншікке өтіп жатты. Мұның үстіне Кеңес Үкіметінен қалған шаруашылықтар ыдырап, жекешелендіру басталды, шаруашылытардың жеке қожалықтарға, кооперативке бөліну салдары техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің қызметінде қиыншылықтар туғызды. Ел экономикасы дағдарысқа түсіп, мамандарға деген сұраныс пен қажеттілік бәсеңдей бастаған кезде, училищедегі осы мамандық бойынша дәріс беретін ұстаздар мен өндірістік оқыту шеберлері басқа салаға жұмыстарға кетті. Бұрын мемлекет қаражатымен қамтамасыз етілетін оқу орындарының көбі жабылып дағдарысқа түскен кезде училищені сақтап қалу міндетке айналды. Шәкіртақы беру тоқтатылды, жатақхана, асхана жабылды. Училищеге қабылданатын оқушылар саны азайды. Бұл оқытушылар мен оқу-өндіріс шеберлерінің қысқартылуына әкеліп соқты. Осылай СПТУ-18 тағдырының қалай өзгеретіні талқыға түсті. Сол тұста мекеме басшысы болған Таубаев Есенжол Оразбайұлынан  жаңа ізденіс пен білімділік, біліктілік пен  қажырлы еңбек,  жауапкершілік пен табандылық  талап етілді. Оның  көрегендігі мен қиыншылықтан жол таба білетіндігі арқасында училище жабылмай, жұмысын жалғастыра берді. Сол жылдардағы қиындыққа мойымай, өз мамандықтарына адалдығын көрсетіп, жас маман ретінде еңбек жолын училищеден бастап, осы жерден зейнеткерлікке кеткен білікті мамандар туралы айтпай кетуге болмайды. Олар Аленов Н.Ж., Кравцова Л. П., Аленова Г. Н., Кобец Л. Д., Каширин А.И., Кушкарова Д.Х., Байшаганов А.Ш.
Негізін 1960 жылы қалаған бұл білім ордасы 5000-нан астам жастардың нағыз азамат, сапалы маман қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Осы оқу орнының түлектері, қазір есімдері елге белгілі азаматтар өздерінің өмірге деген сенімін, үкілі үмітін осы білім ордасында қалыптастырып, өз жолдарын тауып, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып жатыр. Мысал келтіре кетсек, Алматов М. Б. ҰҚК қызметкері - полковник, Жанесов А. В. –Қазақстан Қарулы Күштерінің офицері -  полковник, Ермағамбетов С.- подполковник және әртүрлі салада абыройлы қызмет атқарып жүрген азаматтар Ермағамбетов Б., Бұзаубаев М., Махметов Ғ;  Мамыров Е., Черниязов А., Емжаров М., Кадралиев Б., Абитов М., Қонақбаев Қ.,  колледж мақтанышы.

▲