Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында №1 Ембі қалалық жалпы білім беретін орта мектебінде "Құқықбұзушылықтың алдын алу-басты міндет" тақырыбында №1 ЖББОМ, №2 ЖББОМ оқушыларымен және Ембі қызмет көрсету саласы  колледжінің  студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Шараға Қала әкімінің орынбасары Иманбай Шамахұлы, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аленов Нағашыбай, Қоғамдық кеңестің төрағасы Сарбасов Жұмабек, Ембі қалалық Полиция бөлімінің басшысы Изимов Бақыт,Ауған соғысының ардагері Махамбетов Амантай және Ембі қалалық әкімшілігі жанынан құрылған "Жас жаңғырық" ұйымының жетекшісі Майлишов Бекбол қатысты. Еркін форматта ұйымдастырылған кездесуде қонақтар өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларға ақыл-кеңестерін айтты. @emba_akimat  @mugaljar_aydanynyn_akimdigi  @mugalzhar_bilim_bolimi

▲