Ембі қызмет көрсету колледжінде табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ДТІЖ орынбасары М. Д. Абишева, педагог-психолог А.Е. Курантаеваның ұйымдастыруымен «Зиянды әдеттерден арылу және салауатты өмір салтын ұстануды жастар арасында насихаттау» тақырыбында Ембі аудандық ауруханасының дәрігер неврапатологы Еренова Насихат Тлегенқызы және СӨС медбикесі Алданова Мира Алқуатқызы қатысуымен іс-шара жүргізілді.
ДТІЖ орынбасары М. Д. Абишева, педагог-психолог А.Е. Курантаеваның ұйымдастыруымен «Зиянды әдеттерден арылу және салауатты өмір салтын ұстануды жастар арасында насихаттау» тақырыбында Ембі аудандық ауруханасының дәрігер неврапатологы Еренова Насихат Тлегенқызы және СӨС медбикесі Алданова Мира Алқуатқызы қатысуымен іс-шара жүргізілді.
Ембі қызмет көрсету саласы колледжінде 10 желтоқсан күні «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бір уақытта (қазақ және орыс тілдерінде ) жаппай ашық диктант жазғызылды.
Ақтөбе облыстық іскер әйелдер қауымдастығы және Мұғалжар аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен "Рухани жаңғыру " бағдарламасы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай "Ұлттың мирасы " этнофистиваль байқауына Ембі қаласының атынан колледждің Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығының өндіріс шебері Мурзагалиева Галия Куленовна ет тағамдары бағыты бойынша және арнайы пән оқытушысы Аманова Динара Нурлыбековна ұн тағамдары бағыты бойынша өздерінің қолынан шыққан тағамдарын дайындап апарып дипломмен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ақтөбе облысы білім басқармасының 1 желтоқсан -ҚР-ң тұңғыш президенті күніне орай Қазақстан Тәуелсіздігінің құндылықтарын насихаттау бойынша іс-шаралар жоспары негізінде колледжде барлық топтарда кураторлық сағаттар өткізілді. 11 топ "Дәнекерлеу ісі" мамандығында "Тәуелсіздіктің жеті қыры" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Топ жетекшісі Уразов Б.К.














