Кездесуде "Русская медная компания" АҚ кадр саясаты және әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі вице-президенті А.Шабаровамен пилоттық жобаны жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді және осы мәселе бірлескен іс-шаралар жоспарына енгізілді.

Осыған байланысты Ембі қаласында өткен кездесуге "КазГеоРуд" ЖШС Құндызды кен орнының бастығы А.Коробов келіп, колледж студенттерімен кездесті. Кездесу барысында кен орнының бастығы кәсіпорынның жұмысы туралы мағлұмат беріп, кәсіпорынға жұмысқа орналасу үшін қандай мамандық түрлерін таңдау қажет екенін айтып өтті.

Сонымен қатар, кәсіпорын өкілі кен орнына барған студенттерден әсерлерімен бөлісуді сұрады. Колледж директоры жалпы оқу орнының жұмысы туралы айтып өтіп, " КазГеоРуд" ЖШС басшылығына алғысын білдірді.

Кездесу соңында колледж бен "КазГеоРуд" ЖШС арасында өзара ынтымақтастықты нығайту келісілді, атап айтсақ әр айдың соңғы күндерінде колледж студенттері Құндызды кен орнына барып кәсіпорын жұмысымен танысады және осы кәсіпорынға одан әрі жұмысқа орналасу мақсатында  кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өтеді.

17.11.22 14 17.11.22 14 17.11.22 14

▲