Колледж кітапханасында “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасын іске асыру мақсатында “Мен кітапты ашамын, мен әлемді танимын' тақырыбында әдеби кейс өткізілді. Аталған шараға 1-курс студенттері қатысты. Әдеби кейстің мақсаты -білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыра отырып, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру; әрбір тұлғаның кітап оқу арқылы кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту, білімгерлерді білімділікке, адамгершілікке, кітапты бағалай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Шараны колледж кітапханашысы Бұзаубаева Н және қазақ тілі пәні оқытушысы Түменбаева А өткізді. Студенттерді 2 топқа бөліп оларға беймәлім әдеби шығарма берілді. Әдеби кейс түрінде өткізілген сабақ қызықты өтті.





