Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес, БҒМ кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оны қолдау, кітап мәртебесін арттыру мақсатында білім алушылар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Өйткені, адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастырудың бірден бір жолы – кітап оқу. Жобаның негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас пен әлеуметтік әріптестік арқылы білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін арттыруды, оқу сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуын жалғастыруды, оқырмандар қауымдастығын қалыптастыруды, көздейді.

Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болды.

06 10

▲