Облыстық білім басқармасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен Ұлттық мереке “25 қазан- Республика күнін” мерекелеудің жоспары негізінде колледжде “Жақсылық жасап жарысайық” сабағы жүргізілді.

#РеспубликакүніАқтөбе2023

17.10.2023 ж. күні колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында студенттердің зияткерлік-танымдық қабілеті мен кәсіби білімін арттыру мақсатында

«Оқу көшбасшысы» әдеби викториналық сайысы өтті.

Сайысқа 22топ “ Есептеу техникасы және ақпараттық желілер” және 11 топ “ Электр жабдықтар” тобының студенттері қатысты.

2023 жылдың 11- қазанында “Ембі қызмет көрсету саласы колледжі” кітапханасында «Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз» атты аукцион өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту.

“Төрт тоқсан - төрт өнер” Ұлттық мәдени - ағартушылық жобасының тұжырымдамасы негізінде колледж студенттерінің арасында “Ақын болсам….” тақырыбында эссе байқауы өткізілді.

Ембі қызмет көрсету саласы колледжінің ер балаларына құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналысқа колледж директоры Жасулан Оразханов Ішкі істер бөлімінің аға учаскелік полициясы Таждеков Б.А. және жасөспірімдер инспекторы Адильбаева А.Н. сонымен қатар директордың тәрбие ісінің орынбасары Абишева М.Д. қатысты. түсіндіру жұмыстары мен қоса сұрақтар қойылып оқушылармен еркін тақырыпта әңгімелесу жүргізілді.

“Төрт тоқсан - төрт өнер” Ұлттық мәдени - ағартушылық жобасының тұжырымдамасы негізінде колледж студенттерінің арасында “Ұлы даланың ұлы есімдері” тақырыбында тарихи танымдық кеш өткізілді.

Қазан айының 9 жұлдызында “Қазақстанның салт-дәстүрлері кітап дерек көздерінде” атты кітапхана квесті өткізілді.

Мақсаты: құрметке баулу, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне қызығушылықтарын ояту, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

Республикалық ақпараттық насихат тобынын мүшесі Алдашбаев Сакен Мінуарулы және аудандык дін орталығының бастығы Әділет Маусымұлы қазақтың салт- дәстүрі мен ырым-тыйымдарына қатысты тақырыпта түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Қамқоршылық кеңестің құрамына кіреді:

1) Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері-2 адам;

2) Педагогикалық еңбек ардагерлері-1 адам;

“Жастар арасында дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталық” КММ колледж студенттеріне “Дін мен дәстүр халық қазынасы” тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді

▲