"Тоғыз айға 9 іс-шара" тұжырымдамасы білім беру ұйымдарында тоғыз айдағы іс-шараларды өткізудің атаулары мен бірыңғай тәртібін реттеу мақсатында сәуір айының 12 жұлдызы күні жергілікті уақыт 12:00 де шахмат ойнау челленджі республикалық көлемде өткізілді. Тұжырымдама өскелең ұрпақты тәрбиелеудің ұлттық құндылықтарын қалыптастыру шеңберінде ай сайынғы іс-шараларды өткізуге бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақтөбе қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының дебат жетекшілері арасында өткен "ЕҢ ҮЗДІК КӨШБАСШЫ" облыстық пікірсайыс турнирінде "CLEVER LEADER" номинациясымен Уразбаева А.Ж. және Түменбаева А.З. дипломмен марапатталды.
2023-2024 оқу жылына түлектерді оқуға шақыру жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша кәсіби бағдар жұмысы бойынша Мұғалжар ауылының мектебіне түсіндіру жұмыстары жасалып кездесу өткізілді.
Подробнее: 2023-2024 оқу жылына түлектерді оқуға шақыру жұмыстары жүргізілуде
Сабақтың тақырыбы: Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдістері . Сабақтың мақсаты: "Негізгі құралдардың амортизациясы" экономикалық түсінігін қалыптастыру, негізгі қорлардың тозуын,қалдық құнын, тозу дәрежесін және бағалау түрлерін есептеу әдістемесін меңгеру.
"Есеп және аудит" мамандықтары арасындағы "Менің өмірімдегі бухгалтерия" атты апталықтың ашылу өтті. Апталық тақырыбына сай слайдтар көрсетіліп, апталық жоспары мен мақсаты таныстырылды. Көрермендер арасында тренингтер мен логикалық сұрақтар ойнатылды. Белсенділік көрсетіп, атсалысқан студенттерге сыйлықтар таратылды. Ұйымдастырушылар: Ақшолпан Жарылкасиновна, Гаухар Галымжановна, Дарина Достановна, Гулвира Тоғанасовна, Жансұлу Абдикаримовна.

Білім алушыларға Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көргенділік пен адалдыққа тәрбиелеу. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру. Білім алушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылығын арттыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту