"Өзге ұлт өкілдері студенттерінің Қазақ халқына алғысы" челенджі. "Достық" клубы студенттері Мақсаты: Студенттерге Қазақстан Республикасының басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Ризашылық пен алғыс, ізгі ниет пен сыйластық қасиеттерін дамыту. Елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақ халқы мәдениетін, әдет - ғұрпын сыйлауға үйрету. Ел достастығы- ұлт достастығы екендігін ұғындыру.
Тақырыбы: Алғыс айту парызым. Мақсаты: Білімалушылардың жанұяға, ата-анаға, үлкен-кішігн деген сүйісеншілігін, сыпайылық қарым-қатынастарын дамыту.Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір-бірімен үйлесімді қарым-қатынас жасай білуге үйрету Өткізген: Садыкова Н.З
Сыбайлас жемқорлықпен - күрес елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Әлемдегі бәсекеге қабілетті озық отыз елдің қатарынан орын алуды мақсат тұтқан мемлекетімізде дамудың бір бағыты ретінде сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру міндеті тұрғаны белгілі. Тек Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша тамырын жайып, түп-тамырын жойып жіберуге күш бермей келе жатқан жемқорлық дерті, озық елдердің қатарынан мықтап орын тебуге кедергі келтіріп, қолбайлау болуда. Әр ел бұл кеселмен түрлі әдіс-айламен күресуде. Колледж студенттеріне "Сыбайлас жем қорлықсыз қоғам жарқын болашақ кепілі" тақырыбында 12 топ студенттеріне дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Ембі қаласының мәдениет үйінің қызметкерлері келіп түсіндірме жұмыстарын жасап түрлі сұрақтармен жауап алысты. @emba_akimat @emba_kalalyk_madeni_ortalyk
Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында №1 Ембі қалалық жалпы білім беретін орта мектебінде "Құқықбұзушылықтың алдын алу-басты міндет" тақырыбында №1 ЖББОМ, №2 ЖББОМ оқушыларымен және Ембі қызмет көрсету саласы колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Шараға Қала әкімінің орынбасары Иманбай Шамахұлы, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аленов Нағашыбай, Қоғамдық кеңестің төрағасы Сарбасов Жұмабек, Ембі қалалық Полиция бөлімінің басшысы Изимов Бақыт,Ауған соғысының ардагері Махамбетов Амантай және Ембі қалалық әкімшілігі жанынан құрылған "Жас жаңғырық" ұйымының жетекшісі Майлишов Бекбол қатысты. Еркін форматта ұйымдастырылған кездесуде қонақтар өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларға ақыл-кеңестерін айтты. @emba_akimat @mugaljar_aydanynyn_akimdigi @mugalzhar_bilim_bolimi
Топтар арасында жоспарға сай Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдық мерей тойына орай "Оқуға құштар колледж" кітап челенджі ұйымдастырылды
"ҚАЛАМ СЫНАҒЫ" Жоспарға сай 17 ақпан күні колледж студенттерінің қатысуымен топтар арасында Мағжан Жұмабаевқа 130 жыл толуына орай өздерінің дарындық қабілеттерін өлең шумақтарына қосу арқылы поэзиялық кеш өткізілді. Мақсаты: білім алушылардың әдеби шығармашылық саласындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өлеңдердің тақырыбын автордың таңдауына қарай, поэзия тілінің көмегімен өзін көрсетуге мүмкіндік береді.
Жоспарға сай 08.02 күні қазақтың көрнекті ақыны, жазушы және аудармашы Мұқағали Мақатаевқа арналған “Кітаптан жұлдыз жауған атты” дәстүрлі кітап көрмесі өткізілді. Мақсаты: оқырмандарды Мұқағали Мақатаевтың өмірімен, өнерімен таныстыру, Мұқағали Мақатаев сияқты бір - ақ рет өмірге келетін ұлы адамды, оның өнерін сүюге, құрметтеуге үйрету. білім алушыларды өз елінің мәдениетін құрметтеуге, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Жоспарға сай 08.02 күні қазақтың көрнекті ақыны, жазушы және аудармашы Мұқағали Мақатаевқа арналған “Кітаптан жұлдыз жауған атты” дәстүрлі кітап көрмесі өткізілді. Мақсаты: оқырмандарды Мұқағали Мақатаевтың өмірімен, өнерімен таныстыру, Мұқағали Мақатаев сияқты бір - ақ рет өмірге келетін ұлы адамды, оның өнерін сүюге, құрметтеуге үйрету. білім алушыларды өз елінің мәдениетін құрметтеуге, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Колледж кітапханасында “Кітаптар желісімен түсірілген көркем фильмдер” кітап көрмесі өтті. Студенттерге көркем фильмдер туралы түсінік беріліп, сұрақтар қойылды.
Колледж кітапханасында “Менің қалам(ауданым,ауылым) сенің атауында тұрған не бар?” кітапханалық викторина өткізілді. Білім алушылар өз өңірінің тарихы мен мәдениеті туралы білгендерін ортаға салды.
Подробнее: “Менің қалам(ауданым,ауылым) сенің атауында тұрған не бар?”











