"Ұлтымыз Ұлыстың ұлы күнін ұлықтайды" тақырыбында студенттер арасында эссе байқауы өткізілген болатын. Үздік жазылған студенттер марапатталды.

#АктөбеНаурыз2023

#АктөбеӘзНаурыз2023

Колледж оқытушылары мектеп оқытушыларына кәсіби бағдар бойынша семинар өткізді. Мамандықтар бойынша шебер кластар көрсетіп жасалған жұмыстар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

15-наурыз Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күніне орай колледж студенттеріне "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

БҮГІНГІ КҮНІ БЕЙНЕТІНІҢ ЗЕЙНЕТІН КӨРІП ОТЫРҒАН 5 АРДАГЕР ҰСТАЗДАРЫМЫЗДЫ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҮЙЛЕРІНЕ БАРЫП ҚҰТТЫҚТТАДЫҚ. АРДАГЕР ҰСТАЗДАРЫМЫЗ ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ ЕСТЕЛІК ӘҢГІМЕЛЕРІН АЙТЫП, РИЗАШЫЛЫҚТАРЫН БІЛДІРДІ.

БАРЛЫҚ АРДАГЕР ҰСТАЗДАРЫМЫЗДЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

#АктөбеНаурыз2023

#АктөбеӘзНаурыз2023

14 наурызды «Көрісу (яғни қауышу) күні» деп те атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді Көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Ембі қызмет көрсету саласы колледжі студенттеріде 'Көрісу күнін атап өтті'#АктөбеНаурыз2023 #АктөбеӘзНаурыз2023

Жоспар бойынша 7 наурыз күни Ембі қызмет көрсету саласы колледжі «Әдеби кейіпкерлер мен бірге саяхаттаймыз» дәстүрлі кітап көрмесі өткізілді

1-Наурыз Көктемнің алғашқы күніне тұспа-тұс келген “Алғыс айту”күні. Осы мерекеге орай колледжіміздің психологы мен студенттері мұғалімдерімізді мерекемен шын жүректен құттықтады!!!

Тақырыбы: "Алғыс бата ал" волонтерлік іс- шара Мақсаты:Білімалушыларға алғыс алу, ризашылық білдірудің мәнін ұғындыру арқылы қайырымдылыққа баулу. Білімалушыларды риясыз жақсылық жасауға баули отырып,қамқорлық қасиетін дамыту,оқушыларды қайырымдылық,қамқорлық, жанашырлық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу,  Жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында колледжде ер балалардың ата-аналарына жиналыс жасалып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықтың не екенің ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Колледж оқушылары арасында әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу, құқық бұзушылықты болдырмаудың алдын алу шаралары жасалды

"Алғыс айту парызым" тәрбие сағаты "Есеп және аудит" 15 топ Тақырыбы: "Алғыс айту парызым" Мақсаты: Білім алушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру. Үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту.

▲