Кітапханамызда студенттерге “Менің үйімдегі кітап” атты конкурс өткізілді. Конкурстың мақсаты: - кітап пен оқуды отбасының рухани өмірінің маңызды факторы ретінде насихаттау. кітап және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру - бағдарлаудың дұрыс құндылықтарын тәрбиелеу - кітапты отбасылық демалыс объектісі ретінде танымал ету.
Колледж кітапханасында “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасы бойынша “2022 жылы өзім оқыған ең қызықты кітап” атты Бук-слэм өткізілді. Бук-слэм - өзіндік кітап жарысы. Қатысушылар бірнеше топқа бөлінеді, олардың әрқайсысы кітапты қысқа мерзім ішінде ең үздік түрде жарнамалауы тиіс. Жарысқа 1курс студенттері қатысты. Қызықты әрі тартымды өтті.
Колледжде қамқоршылық кеңес өткізілді. Кеңес төрайымы Төлеуова Сара Молдагазиевна, кеңес мүшелері және колледж директоры Жасулан Оразханов қатысты. Кеңесте колледждің өзін -өзі аттестаттау есебі тыңдалды, сонымен қатар әр түрлі мәселелер талқыланды.
Бүгін яғни, 23.12.2022ж Колледж кітапханашысы Бұзаубаева Н “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасын іске асыру жоспары бойынша “Адамдар оқуды тастаған кезде ойлаудан қалады” Кітапханалық квилт өткізді. Шара барысында студенттер өз мамандықтарына арналған кітаптармен танысты. Білім алушы ұл, қыздар кітапты оқудың адам өміріне маңыздылығы жайлы ой өрбітіп, пайдасы жайлы мағлұматтармен бөлісті. Арасында ғылыми дәлелдер келтіріп, ойшылдардың пікірлерімен ойларын қорытты.
Колледж кітапханасында “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасын іске асыру мақсатында “Менің үйдегі кітапханам” тақырыбында Бейнероликтер конкурсы өтті. Мақсаты: отбасының рухани өмірінің маңызды факторы ретінде кітапты және оқуды насихаттау; кітап және ақпарат мәдениетін қалыптастыру; отбасылық демалыс обьектісі ретінде кітапты насихаттау болып табылады. Конкурсқа колледж студенттері белсенді қатысып өздерінің үйдегі кітапханасымен таныстырды.
“Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасы бойынша 1 курс студенттеріне Не?Қайда? Қашан? әдеби ойын өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Ақыл, ой - өрістерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу. Оқушылар әр түрлі жағдаяттарды шешіп, викториналық сұрақтарға жауап берді. Оқушылар сабақ барысында керекті және жаңа көп ақпарат алды.
Колледж кітапханасында “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасы бойынша “Отан тарихы әдебиеттерде” атты Оқырман конференциясы өтті. Мақсаты- Қазақстанның тарихы туралы кітаптарды оқуға тарту, патриот-азаматтың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, Отанға және өз өлкесіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Конференцияға 2 топ студенттері қатысып өздерінің жобаларын қорғап шықты. Студенттер Жем бойында, Мұғалжар ауданы туралы кітаптармен таныстырып, өзіміздің тұрып жатқан қаламызда атақты тұлғаларды атап өтті.
"Қызықты көңіл студенттік өмір" атты концерттік бағдарлама
'ҮЗДІК КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУШІ 2022' ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНА Ембі қызмет көрсету саласы колледжі қатысым жүлделі 3 орынды иеленіп 100 мың тенге сертификат және 2 демалысқа жолдама алды. @emba_akimat @aqtobe_bilim_basqarmasy












