Сабақтың мақсаты: білім алушыларға HTML тілінде қарапайым кесте құру тегтері,оларды қолдану жолдары туралы түсінік беру және практикамен ұштастыру; білім алушыларды мамандыққа бағдарлау; Білім алушылардың ақпараттық сауаттылықтарын, сабақа деген қызығушылықтарын арттыру.
«Qyzyq eken» интеллектуалды сайыс. Мақсаты: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.Қызықты деректермен білімдерін толықтыру. Ұжыммен жұмыс жасауға білімдерін өмірде кеңінен қолдана білуге тәрбиелеу
Өткізген Садыкова Нургуль Зайлагиевна
Топтар арасында " Ақылдылар мен алғырлар" әдеби ойыны өткізілді. Ойын 4 кезеңнен тұрды оның ішінде әдеби сұрақтар, математикалық сұрақтар, ситуациялық сұрақтар, топтық сұрақ- жауап қамтылды
Колледж студенттер арасында "Тәлімгер не оқиды?" акциясы өткізілді.
Мақсаты:Топтар арасында тәлімгер ұсынған кітаптарды оқу. Оқылған кітап авторы мен атауы туралы ақпарат беру ұсынылады. Барлық топтар оқылған кітаптары туралы мағұлыматтарды буклетке жинақтап постер арқылы қорғады.Жасалған буклеттер арқылы көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты:
Білім алушыларға Наурыз - жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата - бабамыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру
Өткізген: 12 топ кураторы Н. Садыкова
“Оқуға құштар колледж” жоба аясында Ембі қызмет көрсету саласы колледжінде “Еркін микрофон” кітапхана пәтері өтті. Кітапхана пәтері барысында оқырмандар “Қазіргі заман жастары қандай кітап оқиды? ”, “Кітап пен электронды кітаптың айырмашылығы бар ма? ” т. б. сұрақтар аясында ой-пікірлерімен бөлісті.
Жоспарға сай 14 топ білім алушыларына “Әз Наурыз” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Білім алушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
#АктөбеНаурыз2023
#АктөбеӘзНаурыз2023
Апталық аясында өткізілген "Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану" тақырыбында өткізілген оқытушыларға арналған шебер клпсс Өткізгендер: Кенешова Г. А., Уалиева М. Б.
"Мені қызықтырған әлем" атты "Есептеу техникасы және ақпараттық желілер" мамандығы апталығының ашылу сәті. Мақсаты: Білім алушыларды мамандыққа бағдарлау, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылыққа, заман талабына сай қосымшаларды пайдалану насихаттау







