Құқықбұзушылықтың алдын алу- басты міндет' атты құқықтық онкүндігі жоспары аясында Ер балалармен 'Тәртіпке бас иген құл болмайды' тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.#құқықбұзушылықтыңалдыналу#онкүндік#актобе2022
Колледж кітапханасында “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасын іске асыру мақсатында “Мен кітапты ашамын, мен әлемді танимын' тақырыбында әдеби кейс өткізілді. Аталған шараға 1-курс студенттері қатысты. Әдеби кейстің мақсаты -білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыра отырып, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру; әрбір тұлғаның кітап оқу арқылы кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту, білімгерлерді білімділікке, адамгершілікке, кітапты бағалай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Шараны колледж кітапханашысы Бұзаубаева Н және қазақ тілі пәні оқытушысы Түменбаева А өткізді. Студенттерді 2 топқа бөліп оларға беймәлім әдеби шығарма берілді. Әдеби кейс түрінде өткізілген сабақ қызықты өтті.
Құқықбұзушылықтың алдын алу- басты міндет" атты құқықтық онкүндігі жоспары аясында "Жасөспірім.Құқықбұзушылық.Жауапкершілік." тақырыбында 12 топта тәрбие сағаты өткізілді. Топ жетекші Садыкова Н.З.
"Құқықбұзушылықтың алдын алу- басты міндет" атты құқықтық онкүндігі жоспары аясында құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен "Заң талабы бәріне ортақ" тақырыбында Ембі ҚПБ инспекторы Р.Ермекова құқықтық дәріс сабағын жүргізді.
Колледжімізде 22 қараша күні “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасы бойынша “Бабалар үні” атты тақырыбында ауызша журнал сабақтан тыс іс шара өткізілді. Шара 2курс студенттеріне өткізілді. Студенттерге өткен тақырыптарға шолу жасап, сұрақтар қойылды. Ұйымдастырушы колледж кітапханашысы Бұзаубаева Нұрсұлу
Бүгін, яғни 18 қараша күні кітапханашы Бұзаубаева Н “Сандық ақпараттарды өңдеу” мамандығына “Оқуға құштар колледж”тұжырымдамасы аясында «Өз кәсібің туралы көркем әдебиет» атты әдеби квилт өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты: жасөспірімдердің әдеби саладағы келесі құзыреттілігін дамыту. Колледж студенттері мен оқытушылары өздері оқыған кітаптары туралы өз пікірлерін ортаға салды. Егер оқырман оған шынымен әсер ететін кітапты таңдаса, сондай-ақ оған өз пікірін еркін жеткізе алатын жағдай жасалса, бұл жұмыс түрлері тиімді болады. Осындай іс-шаралар өткізу арқылы студенттердің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыра алатын шығармашылық белсенділігі, сондай-ақ қиялды ынталандыратын және дамытатын жұмыс түрлері пайда болады. Іс-шара соңында студенттер мен оқытушылар біріге отырып, «Өз кәсібің туралы көркем әдебиет» тақырыбындағы әдеби квилт стендін безендірді.
17 қараша күні Ембі қызмет көрсету саласы колледжінің кітапханасында жоспарға сай “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасы бойынша колледж кітапханашысы
Бұзаубаева Н “Топтың үздік оқырманы” атты сайыс сабақ өткізді. Мақсаты: Оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, білімдерді сарқып білуге, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты пайдалануға баулу. Сайыс 4 кезең бойынша өткізілді. Студенттер өзідерінің сабақта алған білімдерін жақсы көрсете білді. Сайыс соңында 2 топ марапатталды.










